Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда әйелге қол көтерген ер адам видеоға түсіп қалды

Жарияланған күні:

Әйелді соққыға жыққан адам
Әйелді соққыға жыққан адам. Фото: Видео кадры

Ақтаудағы мейрамханалардың бірінде белгісіз ер адамның ел көзінше келіншекті ұрып-соққаны бейнебақылау камераларына түсіп қалды. Өңірлік ПД өкілдері оқиға туралы түсінік берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әлеуметтік желілерде таралған видео сипаттамасында жәбірленуші мен ер адам қарым-қатынаста болғаны, бірақ қол көтеру жағдайларынан кейін айырылысып кеткені жазылған. Сол мәліметке сенсек, жігіт бұрынғы сүйіктісін қудалап, ұрып-соғатын көрінеді.

Telegram-дағы EGOV.PRESS арнасында жарияланған видеода ер адам жәбірленушіні ұрғаны, итергені және қылғындыруға тырысқаны көрінеді.

Полиция мәліметінше, оқиғаға қатысушылар анықталып, полицияға жеткізілген.

"Патрульдік экипаж бұзақылық әрекеттердің алдын алды. Оқиғаға қатысушылар анықталып, полицияға жеткізілді. Ұрып-соғу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", - делінген ПБ хабарында.

Айта кетейік, Қазақстан Бас прокуратурасының өкілі Марат Әбішев елде жыл сайын отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтан кем дегенде 80 әйел қайтыс болатынын, 150-ге жуық әйел ауыр жарақат алатынын, 200 адам орташа дәрежеде және 4 мыңнан астам адам жеңіл жарақат алатынын айтқан еді.

Зорлық-зомбылықтан қалай сақтану керек: маңызды нұсқаулық

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2188722-aqtauda-aielge-qol-kotergen-er-adam-videoga-tusip-qaldy/