Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда ер адам келіншекті мейрамханада ұрып-соққан: облыстық прокуратура мәлімдеме жасады

Жарияланған күні:

Прокуратура қызметкері
Прокурор. Көрнекі фото: facebook.com/GenProkRK

Бүгін Ақтауда ер адамның әйелге қол көтергені туралы видео тарады. Осыған байланысты облыстық прокуратура қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады, деп жазады Lada.kz басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Маңғыстау облысының прокуратурасы Ақтауда қызды ұрып-соғу фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 109-1-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

"Облыстық полиция департаментіне тиісті тапсырма берілді. Қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу органына жазбаша нұсқау берілді. Тергеу барысы бақылауға алынды", – деп хабарлайды облыс прокуратурасы.

Басқарма мәліметінше, Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес іске қатысты өзге ақпарат жария етілмейді.

Еске салсақ, бұған дейін Ақтаудағы мейрамханалардың бірінде белгісіз ер адамның келіншекті ұрып-соққаны бейнебақылау камераларына түсіп қалған болатын.

Автор: Динар Мұрат

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2189015-aqtauda-er-adam-kelinshekti-meiramhanada-uryp-soqqan-oblystyq-prokuratura-malimdeme-zhasady/