Ақтөбе гарнизонында мерзімді әскери қызметші көз жұмды
Жарияланған күні:
Ақтөбе облысындағы әскери бөлімде сарбаз көз жұмды. Бұл туралы ақпаратты Ақтөбе гарнизонының баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.
"Ағымдағы жылдың 23 қарашасында Ақтөбе гарнизоны әскери бөлімдердің бірінде қарауыл қызметіндегі мерзімді қызметтің әскери қызметшісі өзіне қару жұмсап, көз жұмды", - делінген хабарлама.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Еске салсақ, жуырда ғана ШҚО-да мерзімді қызметтегі әскери қызметші қаза болды.
7 қарашада Шекара қызметі Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі қаза тапты. Алдын ала мәлімет бойынша ол өзіне қол жұмсаған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2191635-aqtobe-garnizonynda-merzimdi-askeri-qyzmetshi-koz-zhumdy/