Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жетісу облысындағы ауылда оқушыға аңшы мылтығынан оқ тиген

Жарияланған күні:

Мылтық ұстаған адам
Мылтық. Көрнекі сурет: Annie Otzen/Getty Images

Жетісу облысы Алакөл ауданына қарасты бір ауылда оқушы құрдасының аяғынан аңшы мылтығымен атқан. Полиция осы іске қатысты қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Үш оқушының аңшылыққа шығуы қайғылы оқиғамен аяқталды. 2009 және 2010 жылы туған жасөспірімдер жазық далада мылтық атып, оқушылардың біріне абайсызда оқ тиген. Оны шұғыл түрде жергілікті ауруханаға жеткізген.

Жетісу облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі мәліметті растап, оның жазатайым оқиға екенін айтты.

"Жасөспірім жедел жәрдем көлігімен тез арада ауруханаға жеткізілді. Оған хирургиялық ота жасалды. Қазір ол облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Жасөспірімдер полиция есебінде тұрмаған. Қазір Алакөл аудандық полиция басқармасы тергеу жүргізіп жатыр", - деп хабарлады басқармадағылар.

Мылтық оқушылардың бірінің әкесіне тиесілі екені мәлім болды. Жасөспірімдердің қару қолдануға рұқсат қағазы болмаған.

Қазан айында Алматы облысында Іле өзені маңында аңшы мылтығынан оқ ату салдарынан үш ер адам зардап шеккен.

Оның алдында Павлодар облысында оқушы қыз ойыншық тапаншамен абайсызда баланың көзінен атқан.

Биыл Алматы облысында серуендеуге шыққан жасөспірім оқ тиіп жараланған.

БҚО-да 11-сынып оқушысы ағасымен бірге аң аулауға барып, оған мылтық атылып кеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2195240-zhetisu-oblysyndagy-auylda-oqushy-angshy-myltygynan-oq-tigen/