Алматыда 27 жастағы жұмысшы биіктен құлап, қаза тапты
Жарияланған күні:
3 желтоқсанда Алматы қаласында өнеркәсіп альпинисі биік ғимаратқа жарнама баннерін орнату кезінде құлап кетті. Полиция іс қозғады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Қайғылы оқиға туралы мәлімет Telegram-дағы CMN.KZ арнасында жарияланды. Материалда 27 жастағы өнеркәсіп альпинисі 16 қабатты үйдің қасбетіне жарнама баннерін орнатпақ болғаны, бірақ 12-қабат деңгейінде жұмыс істеп жатқан уақытта құлап кетені айтылған.
Ер адам екінші қабаттың балконына құлап, алған жарақат салдарынан сол жерде жан тапсырған.
NUR.KZ тілшісі Алматия полициясынан осы оқиға туралы мәлімет алды.
"Алмалы аудандық полициясы басқармасы 27 жастағы ер адамның өліміне себеп болған заңсыздыққа, атап айтқанда, еңбек қауіпсіздігіның сақталмауына қатысты қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында жұмыс жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.
Кеше ғана Алматыда тауар сақтайтын қоймалардың бірінде жұмысшы лифтіге қыстырылып қалып, қаза тапқан.
Бір ай бұрын Қарағандыда құрылыс алаңында жұмыс істеп жүрген екі адам биіктен құлап, ауыр халде ауруханаға түскен. Былтыр қазанда Астана қаласында төрт өнеркәсіп альпинисі биіктен құлап, екеуі қаза тапқан.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2195951-almatyda-27-zhastagy-zhumysshy-biikten-qulap-qaza-tapty/