Астанада кроссовер жүргізушісі тоннельдегі плитканы зақымдады (видео)
Жарияланған күні:
Астана көшелерінің бірінде рульге ие бола алмаған кроссовер жүргізушісі тоннель қабырғасын соғып, керамикалық плиталарды сындырды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Жол-көлік оқиғасы Бараев көшесі мен Республика даңғылының қиылысында болған. Оқиға кадрлары Astanovka98 Telegram арнасында жарияланды.
Видеодан бүлінген көлік пен құлаған тоннель қабырғасының бөлігін анық көруге болады.
"Omoda маркалы автокөліктің жүргізушісі Бараев көшесі бойындағы тоннельге түсу кезінде рульге ие бола алмай, қабырғадағы керамикалық плиткаларға соғылды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ. Жиналған материал қарау үшін сотқа жіберілді", - деп түсініктеме берді қалалық полиция.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2202444-astanada-krossover-tonneldegi-plitkany-zaqymdady-video/