"Тірі қалғандар бар": ТЖМ Ақтау маңына құлаған ұшақ апаты туралы мәлімдеме жасады
Жарияланған күні:
Ақтауда ұшақ құлаған жерге Қазақстан ТЖМ жеке құрамынан 52 адам, 11 бірлік техника тартылды, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ведомство хабарлауынша, әуе кемесінің жанып жатқаны белгілі болды. Алдын ала мәлімет бойынша тірі қалғандар бар.
"Қазіргі таңда құтқару қызметі өртті сөндіріп жатыр. Республикалық жедел штаб құрылды", - делінген хабарламада.
Командалық орталығында және 8-7292-31-90-91 Ақтау қаласында жедел желі телефондары жұмыс істейді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2204654-tiri-qalgandar-bar-tzhm-aqtau-mangynda-qulagan-ushaq-apaty-turaly-malimdeme-zhasady/