Ақтаудағы ұшақ апатынан қанша адам аман қалғаны белгілі болды
Жарияланған күні:
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың айтуынша, алты адам аман қалған. Бірақ барлығы ауыр халде. Бұл туралы "Қазақпарат" ХАА Telegram-дағы арнасында хабарлады. Алайда кейінірек облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері ұшақ апатынан 14 адам тірі қалғанын хабарлады.
Министрдің айтуынша, ұшақ құлаған жерде 14 жедел жәрдем бригадасы жұмыс істеп жатыр.
Алайда кейінірек облыстық Денсаулық сақтау басқармасы өкілдері KAZ.NUR.KZ тілшісіне берген ақпаратында 14 адам аман қалғанын және олар ауруханаға жеткізілгенін хабарлады.
"Жеткізілген 14 адамның 5-еуі ауыр жағдайда, жансақтауға жатқызылады. Балалар ауруханасына 11 жастағы бала жеткізілді, сондай-ақ 16 жастағы тағы бір бала бар", - делінген басқарма хабарында.
Бұған дейін Ақтау маңында Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан ұшақ апатқа ұшырағаны хабарланған.
"Ақтау қаласының маңында "Баку-Грозный" бағытындағы ұшақ апатқа ұшырады. Бұл ұшақ Azerbaijan Airlines авиакомпаниясына тиесілі", - делінген Көлік министрлігінің хабарламасында.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2204664-aqtaudagy-ushaq-apaty-ministr-alty-adam-aman-qalganyn-biraq-zhagdaiy-auyr-ekenin-aitty/