Ақтаудағы ұшақ апаты: Әзербайжан тарабы бортта 62 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болғанын хабарлады
Жарияланған күні:
Бүгін, 25 желтоқсанда Ақтауға жақын маңда Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан ұшақ апатқа ұшырады. Ұшақ бортында 62 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған. Бұл туралы Көлік министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"Әзербайжан тарапының алдын ала ақпараты бойынша бортта 62 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған", - делінген Көлік министрлігінің Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған хабарламада.
Ведомствоның бұған дейін таратқан ақпаратына қарағанда, Ақтау қаласының маңында "Баку-Грозный" бағытында ұшып бара жатқан ұшақ апатқа ұшыраған. Бұл ұшақ Azerbaijan Airlines авиакомпаниясына тиесілі болған.
Ақтау маңында құлаған ұшақта қанша қазақстандық болғаны айтылды. Көлік министрлігінің мәліметінше, ұшақта Қазақстанның 6 азаматы болған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2204670-aqtau-mangyndagy-ushaq-apaty-azirbaizhan-taraby-bortta-62-zholaushy-men-5-ekipazh-mushesi-bolganyn-habarlady/