Апатқа ұшыраған әзербайжандық ұшақ не үшін Ақтауға бағыт алғаны хабарланды
Жарияланған күні:
Ақтау маңындағы ұшақ апатына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәлімет бойынша ұшақ не үшін Ақтауға бағыт алғаны мәлім етілді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Әзербайжан әуежайы баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Грозныйдағы тұман салдарынан апатқа ұшыраған ұшақ Махачкалаға, одан кейін Ақтауға бағыт алды. "Бұл – тұрақты рейс. Ол Грозныйға ұшуы керек еді, бірақ тұманға байланысты ол Махачкалаға, ал ол жерден Ақтауға жөнелтілді", - деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметі.
Айта кетейік, бұған дейін Ақтау маңында Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан ұшақ апатқа ұшырағаны хабарланған.
Ақтау қаласының маңында "Баку-Грозный" бағытындағы ұшақ апатқа ұшырады. Бұл ұшақ Azerbaijan Airlines авиакомпаниясына тиесілі", - делінген Көлік министрлігінің хабарламасында.
"Алдын ала ақпаратқа сәйкес, бортта 37 Әзербайжан, 6 Қазақстан, 3 Қырғызстан, 16 РФ азаматы болған", - делінген хабарда.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2204724-aqatudagy-ushaq-apaty-aldyn-ala-malimet-boiynsha-ushaq-ne-ushin-aqtauga-bagyt-algany-habarlandy/