Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тура қасымызда құлады": Ақтауда апатқа ұшыраған ұшаққа бірінші болып "МЭӨК" қызметкерлері көмекке келген

Жарияланған күні:

Маңғыстау өңірлік электр желісі компаниясының қызметкерлері
Маңғыстау өңірлік электр желісі компаниясының қызметкерлері. Фото: lada.kz

Маңғыстау өңірлік электр желісі компаниясының бір топ қызметкері жолаушы ұшағы құлаған орынға бірінші жетіп, жолаушыларға көмек көрсеткен. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жергілікті lada.kz сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Басылым мәліметінше, кәсіпорын жұмысшылары Azerbaijan Airlines әуе компаниясына тиесілі Embraer 190 жолаушы ұшағы құлаған уақытта Сайын Шапағатов аудындағы электр станциясында жұмыс істеп жүрген.

"Олар бірінші болып апатқа ұшыраған жолаушыларға көмекке келді", - жазды басылым.

Кәсіпорын жұмысшылары ұшақ құлағанын көрген сәтте бірден сол жерге қарай жүгірген.

"Апат болған жерге барып, алғашқы көмек көрсеттік. Оннан аса адамды ұшақтан шығардық. Бізден кейін төтенше жағдайлар қызметінің адамдары, жедел жәрдем келді. Науқастарды солардың көліктеріне салуға көмектестік", - дейді жұмысшылардың бірі.

"Он шақты адам болдық. Үйінді астындағы адамдарды шығару үшін кранымызды да ала бардық. 15-ке жуық адамды алып шықтық", - дейді тағы бір электрик.

Олардың шапшаңдығы мен батылдығы адам өмірін сақтап қалуда маңызды рөл атқарды, деп жазды басылым тілшілері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2204939-tura-qasymyzda-qulady-aqtauda-apatqa-ushyragan-ushaqqa-algashqy-bolyp-meok-aq-qyzmetkerleri-komekke-kelgen/