jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Талғат Дүйсенбек
    Талғат Дүйсенбек
    Бұрынғы қызметкер

    ДСМ: Ақтаудағы ұшақ апатынан зардап шеккен 29 азамат отанына аман-есен жеткізілді

    Дәрігер. Көрнекі фото
    Дәрігер. Көрнекі фото: Getty Images

    Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, Маңғыстау облыстық ауруханасының жансақтау бөлімінде алты күн бойы емделген үш азамат Әзербайжанға арнайы бортпен жеткізілді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ министрлік мәліметіне сүйене отырып хабарлайды.

    Денсаулық сақтау министрлігің мәліметінше, бір науқан қосымша демеу аппараттарынан ажыратылған, ал қалған екі науқас вазопрессорға қосылған, бірақ ең төменгі дозаға қойылған.

    "Дәрігерлердің білікті жұмысының арқасында барлық науқастың жағдайы тұрақталды. Қазіргі таңда Ақтау маңындағы ұшақ апатынан зардап шеккен 29 адамның барлығы медициналық қызметтер күшімен еліне жеткізілді", - деп хабарлайды министрлік.

    Естеріңізге сала кетейік, 25 желтоқсанда Ақтау әуежайы маңындағы әуе апатынан зардап шеккен 29 адамның 27-сі Маңғыстау облыстық ауруханасына, екі бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілген еді.

    "Науқастар түрлі жарақаттармен ауруханаға түсті: мидың жабық жарақаты, мидың шайқалуы, кеуде қуысының жабық жарақаттары, травматикалық шок.

    Маңғыстау облысының 22 жедел медициналық жәрдем бригадасы мен Апаттар медицинасы орталығының 6 бригадасы ұшақ апатынан кейін 10 минуттан соң оқиға орнына жетіп, зардап шеккендерге медициналық алғашқы көмек көрсетті.

    Оларды Ақтау қаласындағы ауруханаларға уақтылы емдеуге жатқызу, білікті іріктеу және алғашқы сын сағаттарда толық емдеу-диагностикалық көмек көрсетудің арқасында 29 адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік туды".

    Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі Ақтау маңындағы ұшақ апатынан зардап шеккендердің тез сауығып, жақындары мен туыстарына оралуын тіледі.

    ДСМ: Ақтаудағы ұшақ апатынан зардап шеккен 29 азамат отанына аман-есен жеткізілді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.