Ақтаудағы апаттан кейін түсірілген виделолар желіде тарады
Жарияланған күні:
Бүгін Ақтау маңында болған Баку-Грозный рейсі апатқа ұшырағанға дейін жолаушылар ұшақ ішінде түсірген видеолар әлеуметтік желілерде пайда болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Azerbaijan Airlines әуе компаниясының Embraer 190 ұшағында болған жолаушылардың видеолары Telegram-дағы 112 арнасында жарияланған.
Хабарламаға сәйкес, видеолардың бірін жолаушы Субхон Рахимов ұшақтың ішінен түсірген. Ол бортта төтенше жағдай орын алғанын сезіп, видеоны бірден әйеліне жіберген. Кадрлардан жолаушылардың айқайлап, алаңдап, кейбіреулерінің дұға етіп жатқанын көруге болады.
Тағы бір видеода ұшақ апатқа ұшырағаннан кейінгі алғашқы сәттер көрсетілген. Онда аман қалған жолаушылардың бір-біріне көмек көрсетіп жатқанын байқауға болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2204993-aqtaudagy-apattan-keiin-tusirilgen-videlolar-zhelide-tarady/