Ақтауда Жаңа жылды тойлау кезінде жасанды пальма өртенді (видео)
Жарияланған күні:
![Ақтаудағы өрт Ақтаудағы өрт](https://cdn.nur.kz/images/1200x675/955a28424b16fa8b.jpeg)
Ақтау қаласында жағалаудың ашық аумағында Жаңа жылды тойлау кезінде жасанды пальма өртенді. Оқыс оқиға 2025 жылдың алғашқы сағаттарында орын алды, деп ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Бүгін Ақтау қаласында жағалаудың ашық аумағында жасанды пальма өртенді.
"Құтқарушылар оттың таралуына жол бермей, өртті шақыру түскен сәттен бастап 9 минут ішінде сөндірді. Зардап шеккендер жоқ", - делінген ресми хабарламада.
Ескерту! Бейнежазбада бейәдеп сөздер кездеседі!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2207409-aqtauda-zhanga-zhyldy-toilau-kezinde-zhasandy-palma-ortendi-video/