Таразда жаңа мектеп өртенді (видео)
Жарияланған күні:
Таразда қолданысқа берілмеген үш қабатты жаңа мектеп өртенді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі Telegram-дағы арнасында хабарлады.
ТЖМ ақпаратынша, Таразда 15-шағын ауданда орналасқан жұмыс істемейтін үш қабатты жаңа мектептің ғимараты өртенді.
"Өрт сөндіру жасақтары келген сәтте бірінші қабаттан қалың түтін шығып жатты. Оқиға кезінде ғимаратта жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан құрылысшылар, өз бетінше эвакуацияланды", - делінген хабарда.
ТЖМ күштері 80 шаршы метр алаңда өртті сөндірді. Зардап шеккендер жоқ.
Мамандардың айтуынша, өрттің алдын ала себебі – электр сымдарының қысқаша тұйықталуы.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2207961-tarazda-zhanga-mektep-ortendi-video/