Ұлытау облысында жантүршігерлік жол апатынан үш адам қаза тапты (видео)
Жарияланған күні:
Читать на русскомСенбі, 4 қаңтарда Ұлытау өңіріндегі тасжолдың бірінде үш адамның өмірін қиған жол апаты болды. Полицейлер қайғылы жайтқа қатысты тергеуді бастады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Оқиға орнынан түсірілген видео Instagram-дағы ekaraganda.kz парақшасында жарияланды. Кадрлардан ер адамдардың өртенген көлікті орнынан қозғамақ болғанын көруге болады.
Жазба астында Ұлытау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері оқиғаға қатысты пікір білдірген.
Полицейлердің мәліметінше, 4 қаңтарда Қызылорда-Павлодар тасжолында екі көлік соқтығысып, жол апаты болған. Апат салдарынан үш адам қаза тапты.
"Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп, оқиғаның барлық мән-жайы мен себебін анықтап жатыр. Басқа мәліметтер нақтыланған жоқ", - делінген хабарламада.
Полицейлер жол қозғалысына қатысушылардың барлығына жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ескертті.
"Жылдамдықты шектен асырмаңыз, басқа да қайғылы жағдайға әкелетін бұзушылықтарды болдырмаңыз", - деді жол полициясы өкілдері.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2208032-ulytau-oblysynda-zhanturshigerlik-zhol-apatynan-ush-adam-qaza-tapty-video/