jitsu gif
Оқыс оқиға

    Ұлытау облысында жантүршігерлік жол апатынан үш адам қаза тапты (видео)

    Ұлытау облысындағы жол апаты
    Ұлытау облысындағы жол апаты. Видеодан кадр: instagram.com/ekaraganda.kz

    Сенбі, 4 қаңтарда Ұлытау өңіріндегі тасжолдың бірінде үш адамның өмірін қиған жол апаты болды. Полицейлер қайғылы жайтқа қатысты тергеуді бастады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Оқиға орнынан түсірілген видео Instagram-дағы ekaraganda.kz парақшасында жарияланды. Кадрлардан ер адамдардың өртенген көлікті орнынан қозғамақ болғанын көруге болады.

    Жазба астында Ұлытау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері оқиғаға қатысты пікір білдірген.

    Полицейлердің мәліметінше, 4 қаңтарда Қызылорда-Павлодар тасжолында екі көлік соқтығысып, жол апаты болған. Апат салдарынан үш адам қаза тапты.

    "Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп, оқиғаның барлық мән-жайы мен себебін анықтап жатыр. Басқа мәліметтер нақтыланған жоқ", - делінген хабарламада.

    Полицейлер жол қозғалысына қатысушылардың барлығына жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ескертті.

    "Жылдамдықты шектен асырмаңыз, басқа да қайғылы жағдайға әкелетін бұзушылықтарды болдырмаңыз", - деді жол полициясы өкілдері.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.