Top.Mail.Ru

Зектілері

"Жарыс кезінде болған": Абай облысында ішінде төрт адам отырған көлік Ертіске құлап кетті (фото, видео)

Жарияланған күні:

Ертіс өзені
Оқиға орны: ІІМ

Абай облысында жеңіл көлік Ертіс өзеніне құлап кеткен. Алдын ала ақпарат бойынша, салонда төрт адам болған. Іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Министрліктің Telegram-дағы арнасында жарияланған ақпаратқа қарағанда, 2025 жылғы 5 қаңтарда сағат 06:00-де Полковничий аралында, Бүркіт ұясы маңында жеңіл автокөлік жардан Ертіс өзеніне құлап кеткені жөнінде хабарлама түскен. Алдын ала мәліметтер бойынша көлік ішінде төрт адам болған.

Ертіс өзені
Оқиға орны. Фото: ІІМ

"Рульді басқарған жүргізуші жағалаудан шығып, қоршаумен соқтығысқан. Апат салдарынын көлік өзенге құлаған. Оқиға орнына жедел түрде полиция қызметкерлері мен құтқарушылар жіберілді. Қазіргі уақытта іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", - деді Семей полиция департаменті басшысы орынбасары Жандарбек Ахметжанов.

Ертіс өзені
Оқиға орны. Фото: ІІМ

Полиция өкілдері жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңыздылығын еске салады және жүргізушілер мен жолаушыларды мұндай қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2208035-abai-audanynda-tort-adam-mingen-kolik-ozenge-qulady/