Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда полиция ерлі-зайыптыға шабуыл жасаған күдіктіні қолға түсірді

Жарияланған күні:

Алматыда ерлі-зайыптыларға шабуыл жасаған күдікті
Күдікті. Фото: polisia.kz

Алматының Наурызбай ауданында қарақшылық шабуыл жасаған күдікті полицияның жедел әрекеті арқасында қолға түсті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды

20 желтоқсан күні тұрғын үй кешендерінің бірінде ерлі-зайыптыға қарулы шабуыл жасалды. Қылмыс салдарынан зардап шеккендер ауыр жарақат алып, қазір ауруханада жатыр. Жедел тергеу тобы құрылып, шабуылдаушының жеке басы анықталды. Ол – Жетісу өңірінен келген 38 жастағы азамат. Күдікті бір күн ішінде ұсталып, қамауға алынды.

Тергеу барысында күдікті шабуылды алдын ала жоспарлағанын мойындады. Ол бұған дейін жәбірленушілердің үйіне жиһаз орнатуға барып, сейфті байқап қалған.

Содан кейін ол бетперде мен шарф тағып, таңертен жәбірленушінің үйіне қайта барған. Есік ашылған бетте қаскөй тапаншамен қорқытып, ақша талап етті. Алайда ер адам көмекке шақыра бастаған соң, күдікті оларға оқ атып, оқиға орнынан қашып кеткен.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Қылмыстың басқа да мән-жайлары анықталады.

Бұған дейін Алматыда үй тонауға келіп, ерлі-зайыптыны атып кеткен күдікті әлі табылмай жатқаны жайлы жазған болатынбыз. Оған қарсылық танытып, оқтан жараланған күйеуі мен әйелі қазір ауруханада жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2209014-almatyda-politsiia-erli-zaiyptyga-shabuyl-zhasagan-kudiktini-qolga-tusirdi/