Ақтөбе облысында бір отар қойға қасқыр шапты
Жарияланған күні:
![Қойлар Қойлар](https://cdn.nur.kz/images/1200x675/82c9f854e5f162ee.jpeg)
Ақтөбе облысының Мәртөк ауданында қасқыр бір отар қойға шабуыл жасады. Бұл туралы "ҚазАқпарат" ХАА хабарлады.
Басылым ақпаратынша, Тәңірберген ауылдық округінің әкімі Медет Бекжанов Мәртөк ауданында қасқыр үш қойды өлтіргенін, тағы 50-ге жуық қой бір-бірін таптап өлгенінін хабарлаған.
Шенеуніктің айтуынша, алғашында жүзден астам қой өлді деп хабарланғанымен, мал иелерімен кездескеннен кейін олардың көбі аман екені белгілі болды.
Ақтөбе облысының полицейлері қасқырдың шабуылдағанын растады, бірақ ферма иесі бұдан әрі түсініктеме беруден бас тартты.
Еске салсақ, Атырау облысында ер адамға қасқыр шапқаны туралы хабарлаған едік.
Оқиға 19 желтоқсанда Индер ауданындағы Елтай ауылы маңындағы Көктөбе қыстағында болған. Мұнда шаруа қожалықтың малшылары қоныстанған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2211155-aqtobe-oblysynda-bir-otar-qoiga-qasqyr-shapty/
Жарияланымға реакцияңыз?
Пікірлер жүктелуде