jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Талғат Дүйсенбек
Талғат Дүйсенбек
Бұрынғы қызметкер

Атырау облысында ер адамға қасқыр шапты (видео)

Ұлып тұрған қасқыр
Қасқыр. Көрнекі фото: pixabay.com

Атырау облысында шаруа қожалығының жұмысшысына қасқыр шауып, қолын жарақаттаған, деп хабарлайды Kazinform.

Басылым мәліметінше, оқиға 19 желтоқсанда Индер ауданындағы Елтай ауылы маңындағы Көктөбе қыстағында болған. Мұнда шаруа қожалықтың малшылары қоныстанған.

Жергілікті ветеринар Амантай Мұқатовтың айтуынша, малға шөп салу үшін аулаға кірген уақытта қожалық жұмысшысына қасқыр шапқан.

"Қасқыр оның қолын тістеп алған. Тісінің ізі бар. Ол қасқырмен алысқан сәтте інісі дереу жеткен. Екеуі қасқырды ұрып өлтірген", - дейді ветеринар.

Маман қасқырдың басы облыстық ветеринарлық зертхана тапсырылғанын, ал өлексесі санитарлық талапқа сай өртеліп, кейін көмілгенін мәлімдеді.

Қожалық жұмысшысы қазір аудан орталығы – Индербор кентіндегі ауруханада емделіп жатыр.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, дәл осыған ұқсас оқиға екі-үш күн бұрын Ынтымақ ауылында да болған.

Атырау облысында ер адамға қасқыр шапты (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.