Ақтөбеде адамдардың кепілге алынуы: екі адам көз жұмды
Жарияланған күні:

Ақтөбеде кепілге алынған адамдардың екеуі көз жұмды, деп хабарлайды 24KZ телеарнасы облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.
Телеарнаның мәліметінше, кепілде болған адамдардың бірі ауруханаға тасымалдау кезінде, екінші адам операция үстелінде қайтыс болған.
Ал үшінші жәбірленушіге дәрігерлер барлық қажетті көмекті көрсетіп жатыр.
Сондай-ақ дәрігерлер оның психологиялық жай-күйі ауыр жағдайда екенін, онымен психологтар жұмыс істеп жатқанын атап өткен.
Естеріңізге сала кетсек, 13 қаңтарда түнде әлеуметтік желіде Ақтөбедегі үйлердің біріне белгісіз біреу кіріп, бойжеткенді кепілге алғаны туралы ақпарат пайда болды. Кейін полиция өкілдері бұл ақпаратты растап, 13 қаңтарда кешкі сағат 20:00 шамасында жедел басқару орталығына кепілге алу фактісі бойынша хабарлама түскенін мәлімдеді.
Оқиға орнына жедел тергеу тобы, арнайы жасақ қызметкерлері, барлық шұғыл қызмет жедел жұмылдырылыған.
Кепілге алынғандарды босату операциясы ұйымдастырылып, күдікті ұсталған. Қазіргі таңда бұл жайт бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2211284-aqtobedegi-oqiga-kepilge-alyngan-eki-adam-koz-zhumdy/