Зектілері

Саран қаласындағы дүкен сатушысына жасалған шабуыл: күдікті ұсталды

Жарияланған күні:

Күдіктіге кісен салу
Күдікті. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Полиция қызметкерлері Саран қаласындағы дүкен сатушысына шабуыл жасады деген күдікпен 50 жастағы ер адамды ұстады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында Саран қаласының 27 жастағы тұрғының өліміне қатысты бар деген күдікті ұсталды. Қарағанды облыстық полиция департаментінің жедел-тергеу тобы 50 жастағы күдіктіні қамауға алды. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін әлеуметтік желілерде Саран қаласында қарақшының қолынан дүкен сатушысының қаза болғаны айтылған ақпарат тараған еді.

Полиция өкілдері бұл ақпаратты растап, күдіктінің іздестіріліп жатқанын хабарлаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2214485-saran-qalasyndagy-duken-satushysyna-zhasalgan-shabuyl-kudikti-ustaldy/