jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Қостанайда такси жүргізушісі мен досының жолаушыға шабуыл жасаған сәті видеоға түсіп қалды

    Бейнебақылау камерасына түскен жағдай
    Бейнебақылау камерасына түскен жайт. Видеодан кадр: polisia.kz

    Қостанайда такси жүргізушісі мен досы жолаушыға шабуыл жасады. Болған жағдай бейнебақылау камерасына түсіп қалған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ІІМ-нің Polisia.kz ақпараттық медиа-порталына сілтеме жасап.

    Басылымның хабарлауынша, оқиға түнде қаланың шағын аудандарының бірінде болды. Екі бейтаныс жігіт жолаушыға зорлық-зомбылық көрсетіп, 650 мың теңге тұратын телефонды ашық түрде ұрлап кеткен деген күдікке ілінді.

    Белгілі болғандай, ойын-сауық мекемесінде демалып жүрген жәбірленуші таксиге қоңырау шалған. Жүргізуші досымен бірге келіп, сапар барысында жолаушылар арасында жанжал болған. Нәтижесінде такси жүргізушісі мен оның досы жәбірленушіні ұрып-соғып, смартфонды қолды қылған.

    Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдікті 19 және 22 жастағы екі жергілікті тұрғынды анықтады. Олар ұрланған телефонды қосалқы бөлшектерге бөліп, 100 мың теңгеге сатып жіберді деп айыпталып отыр. Тонау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, сондай-ақ олардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріледі.

    Қостанайда такси жүргізушісі мен досының жолаушыға шабуыл жасаған сәті видеоға түсіп қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.