jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Жұмбақ жағдайда қайтыс болады: СҚО-да ерлер өлімі күрт көбейген

    : Facebook

    Солтүстік Қазақстан облысы, Бұлақ ауылында соңғы жылы ондаған адам қайтыс болған, оның ішінде жастар аз емес. Тұрғындардың сөзінше, мұның себебі ауылдағы алтын өндіретін кәсіпорын болуы мүмкін деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

    "Астана" телеарнасының видеосынан кадр
    "Астана" телеарнасының видеосынан кадр: Twitter

    Бұлақ ауылы халқының айтуынша, тұрғындар арасында онкологиялық дертпен ауыратындар көбейген. Қатерлі ісік қартаң адамдардан да, жастардан да табылады екен.

    Халық алтын өндіретін жергілікті кәсіпорын ауылдағы радиация деңгейінің жоғарылататынына сенімді. Ал ол - онкологиялық аурулардың өршуіне әкеп соқтырады.

    Телеарнаның мәліметінше, аталмыш кәсіпорын осында 5 жыл бұрын, 2014 жылы ашылған. Ол жерде сырттан келгендер де, жергілікті тұрғындар да жұмыс істейді.

    Ауыл тұрғындарының бірінің сөзінше, кен орнын ашпас бұрын алтын өндірісі экологияға еш кері әсерін бермейді деп халықты сендірген көрінеді.

    Әр үш ай сайын сараптама жүргізіп, ластану мен радиация деңгейін бақылап отырамыз деп уәде берген.

    Алайда осында жұмыс істеген жас жігіттер қайтыс болып жатыр екен.

    Журналистердің өндіріс басшылығымен тілдесуі мүмкін болмапты. Олардың кеңселері жабық болған. Кен орны аймағына журналистерді өткізбей, күзетші оны сыртынан түсіруге де тыйым салуға тырысқан.

    Аудандық әкімдіктегілер БАҚ өкілдеріне ауылдағы радиация деңгейі қалыпты межеден аспағанын айтты. Ведомство өлім-жітімнің көбейгенін растағанымен, оның себебі тұрғындардың қартаюында дейді.

    Облыстық онкологиялық орталықтың хабарлауынша, алтын өндірісін қолға алған Есіл ауданы обыр ауруы бойынша өңірде көш бастап тұр. Соңғы 10 айдың өзінде қатерлі ісік 80-ге жуық адамнан анықталыпты. Тіркелгендердің 26-сы өмірден өтіп кеткен.

    Автор: А. Құрманкин

    Жұмбақ жағдайда қайтыс болады: СҚО-да ерлер өлімі күрт көбейген

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.