jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Нұр-Сұлтанда жігіт пен қыз көпқабатты ғимараттың терезесінен секіріп кетті (видео)

    : UGC

    Нұр-Сұлтанда полиция қызметкелері Қабанбай батыр, 40 мекенжайы бойынша келіп жеткен. Онда жас келіншек алғашқыда көпқабатты ғимараттың терезесінен секіремін деп қорқытып, артынша өз ойын жүзеге асырған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Нұр-Сұлтанда жігіт мен қыз көпқабатты үйдің терезесінен секіріп кетті (видео)
    Фото: Куәгерлерден: UGC

    Куәгерлердің айтуынша, 21 мамыр күні сағат кешкі жеті шамасында бойжеткен биік ғимараттың үстіне шығып, секіремін деп қорқытқан. Көшеге жиылған бір топ адамды жағдайда бірден смартфонға таспалай бастаған.

    Оқиға орнына бірден қаланың полиция қызметкелері мен жедел және әлеуметтік қызмет өкілдері келіп жеткен.

    Нұр-Сұлтанда жігіт мен қыз көпқабатты үйдің терезесінен секіріп кетті (видео)
    Фото: Куәгерлерден: Depositphotos

    Елорданың полиция департаменті NUR.KZ тілшісіне аталған фактіні растады.

    "18:45-те полицияға адамның құлауы туралы хабарлама келіп түсті. Қабанбай батыр көшесіндегі көпқабатты ғимараттың сегізінші қабатынан бір жігіт құлаған. Шамамен 25-30 жас арасында, азиат. Оқиға орнына бірден полиция қызметкерлері мен шұғыл қызмет аттанды.
    Ал шамамен 40 минут өткен соң жігіттің артынан қыз да секіріп кетті. Оның жасы 25-35 арасында. Ол төтенше жағдайлар департаменті ашып қойған батутқа құлады. Қазір екеуі де ауруханада жатыр. Оқиғаның мән-жайы тексерілуде. Қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша сот алды тергеу жұмыстары басталды", - деп хабардар етті полицияда.

    Айта кетейік, осыған дейін Атырауда 1999 жылы туған қыз көпірден секіріп, мерт болған еді.

    Нұр-Сұлтанда жігіт пен қыз көпқабатты ғимараттың терезесінен секіріп кетті (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.