jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Екі апта бойы іздеді: Ақмола облысында жоғалған балықшының мәйіті табылды

    балықшылар
    Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

    Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары достарымен балық аулауға кетіп жоғалған 42 жастағы ер адамның денесін тапты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәлидің мәлімдеуінше, ер адамның мәйіті жетінші қарашада Астрахан ауданындағы Баршын көлінен табылған. Оны іздеу жұмыстары 14 күнге жалғасыпты.

    23 қазанда Ұзынкөл ауылдық округіндегі Баршын көліне төрт адам балық аулау үшін барған. Сол күні кешке үшеуі моторлы қайықпен жүзіп кетіп, біреуі жағалауда қалады.

    28 қазанда іздеу тобы 1981 және 1976 жылы туған екі балықшының денесін мен жағалаудан бір шақырым жерде қамыс арасынан аударылып қалған қайықты тапқан.

    "Баршын көліндегі іздестіру жұмыстарына 15 адам кіретін үш сүңгуір тобы, аудан әкімдігінің, полиция бөлімінің қызметкерлері, балықшының туыстары мен жанашыр тұрғындар қатысты. Көлдің ауданы 40-тан астам шаршы шақырым болғандықтан және оның көп бөлігін қамыс басып кеткендіктен іздестіру жұмыстары кезінде қиындықтар туындады", - дейді Уәли.

    Құтқарушылар тұрғындарға жеке құтқару құралдары болған кезде ғана балық аулауға шығуға кеңес береді.

    Егер сіз қайықпен балық немесе аң аулауға шықсаңыз, онда қайық техникалық жағынан жарамды, су төгетін және құтқару құралдарымен жабдықталған болуы керек.

    Қайықта болған кезде міндетті түрде құтқару кеудешесін кию және ешқандай оқыс қимыл жасамау, бортта еңкеймеу, қайықта тұрмау және қозғалмау қажет.

    Екі апта бойы іздеді: Ақмола облысында жоғалған балықшының мәйіті табылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.