jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Өскеменде қосалқы станцияға кіріп кеткен ер адам тоққа түсіп, көз жұмды

    Тоқ
    Көрнекі сурет: pixabay.com

    Кеше, 28 наурызда белгісіз ер адам Өскемендегі трансформаторлық қосалқы станцияға кіріп кетіп, тоққа түсіп, көз жұмды. Бұл туралы Arnapress.kz басылымы хабарлайды.

    "Біріккен энергетикалық сервистік компания" АҚ-на сілтеме жасаған басылым мәліметтеріне сәйкес, түскі ас кезінде қала аудандарының бірінің тұрғындары электр қуатының жоқтығына шағымданады. Оқиға орнына жедел топ жіберіледі.

    Белгілі болғандай, қосалқы станцияға белгісіз ер адамның есікті бұзып, кіріп кетуіне байланысты электр қуаты өшіп қалған.

    "Электр қауіпсіздігі ережелерін сақтамаған белгісіз азаматтың тоқ өткізіп тұрған бөліктермен физикалық байланысқа түсуі кезінде қысқа тұйықталу пайда болып, салдарынан ер адам қаза тапты", - деп хабарлады "БЭСК" АҚ өкілдері.

    Алдын ала болжам бойынша қайтыс болған ер адам тұрақты тұратын жері жоқ азамат болған. Адам өлімі дерегіне байланысты бірқатар сараптамалар тағайындалды. "БЭСК" АҚ өкілдері трансформаторлық қосалқы станциялар аумағына ену адам өміріне қауіпті екендігін ескертеді.

    Еске салсақ, бұған дейін Шымкентте Cайрам тұрғын үй алабында көлік өртеніп, оның ішінен ер адамның мәйіті табылғанын жазған едік.

    Қайғылы жағдай 26 наурыз күні сағат 20:48-де Әл-Фараби көшесінің бойында орын алған. Қалалық Төтенше жағдайлап департаментінің ақпаратына сәйкес, Toyota Camry 35 автокөлігі өртке оранған.

    Өскеменде қосалқы станцияға кіріп кеткен ер адам тоққа түсіп, көз жұмды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.