jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Алматы облысында оқушының өлімінен кейін ауыл тұрғындары жолды жауып тастады

    мектеп
    Көрнекі фото: Sputnik / Болат Шайхинов

    Алматы облысы Қосөзен ауылының тұрғындары тас жолды жауып тастады. Жиналғандаркөлік көп жүретін жолға жақын жерде оқитын балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді талап етіп отыр деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

    Басылым мәліметінше, елді мекен тұрғындарының наразылығына сегіз жасар ұлдың өлімі себеп болған. Оқушы мектептің жанында көліктің астына түсіп көз жұмған еді.

    Халық жолды жауып, жергілікті биліктен білім ордасының жанына жаяу жүргіншілер өткелін салуды, жарық орнатып, көліктер үшін жылдамдықты шектеуді талап етті. Олар өтініштері орындалмайтын болса, балаларын мектепте жібермейтіндерін ескерткен.

    Бұған қатысты пікір білдірген Іле ауданының әкімдігі тұрғындардың талабы ескерілгенін және оқушылардың қауіпсіздігі ерекше бақылауға алынғанын хабарлады.

    "Мектепке үш автобус берілді. Олар саяжай алабы мен жаңа салынған үйлерде тұратын оқушыларды тасиды. Жол белгілері, жүргізушілерге арналған белгілер, қосымша бес жылдамдықты бәсеңдетуге арналған жол кедергісі орнатылды. Мектептен саяжайға дейін тротуар төсеу мәселесі қарастырылып жатыр. Бюджет қаржысы бөлінген соң, біз мұны істейміз", - деді Іле ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Бақтияр Талғатұлы.

    Алматы облысының полициясы Қосөзен-Шелекемер тас жолында сегіз жасар баланың өлімінен кейін Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлім етті.

    Алматы облысында оқушының өлімінен кейін ауыл тұрғындары жолды жауып тастады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.