jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Қапшағай су қоймасында 23 жастағы үндістандық студент көз жұмды

    Қапшағай
    Фото: Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі

    23 жастағы Үндістан азаматы Қапшағай су қоймасына батып кетті. Жергілікті ТЖД-ның хабарлауынша, оқиға 7 шілдеде болған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Үндістандық студенттің Қапшағай су қоймасында батып кеткені жайлы ақпарат Alataunews.kz порталында жарияланды.

    Басылымның мәліметінше, марқұм болған жігіт Үндістанның Хайдарабад қаласынан келіп, Алматыдағы Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде оқып жатқан.

    Қайғылы оқиға болған күні ол Қапшағайда тағы бірнеше отандасымен бірге демалып жүрген.

    Бұл жайтқа қатысты Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметі пікір білдірді.

    "2022 жылдың 7 шілде күні сағат 14.50 шамасында Қонаев қаласы, Қапшағай су қоймасында 1999 жылы туған ер адам суға батып кетті. Алғашқы ақпаратқа сәйкес С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің студенті, Үндістан азаматы.

    Кейін белгілі болғандай, Алматы қаласынан келген студенттер тобы Қапшағай су қоймасының жағажайында шомылып, жағажайдың қоғамдық құтқарушыларының ескертулеріне құлақ аспай, жағалаудан алысқа қарай жүзіп кеткен. Бір сәтте студенттердің бірі өз күшін есептемей, басқалардан одан әрі жүзіп, батып кеткен", - дейді ТДЖ KAZ.NUR.KZ тілшісіне берген ресми жауабында.

    ТЖД құтқарушылары жігіттің денесін тауып, жағаға шығарған.

    Марқұмның досы оқиғаның қалай болғанын баяндауда.

    Қапшағай су қоймасында 23 жастағы үндістандық студент көз жұмды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.