jitsu gif
Оқыс оқиға

    Шымкентте 5 жасар бала үшінші қабаттан құлап кетті

    Кішкентай бала терезеден қарап тұр
    Көрнекі фото: Pexels.com

    Шымкентте бес жасар бала үшінші қабаттың терезесінен құлап кетті. Дәрігерлер баланың жағдайын ауыр деп бағалап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға 30 тамыз күндізгі сағат 15:19-да Ақжайық шағынауданындағы №2 бес қабатты көппәтерлі тұрғын үйде болған.

    Ересектердің қарауынсыз қалған ұл бала абайсызда үшінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кеткен.

    "Бала дереу балалар ауруханасына жеткізілді. Оған "бел омыртқасының сынуы, іштің түтіккен жарақаты, жабық бас сүйек-ми жарақаты" деген диагноз қойылды, жағдайы ауыр.

    Жыл басынан бері қалада терезеден құлау оқиғасының бес жағдайы тіркелді. Барлығында да балалар жарақат алған", – делінген ведомствоның хабарламасында.

    Айта кетейік, бұған дейін СҚО-да терезеден құлаған 2 жасар қыз бала ауруханаға түскен еді.

    Шымкентте 5 жасар бала үшінші қабаттан құлап кетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.