jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Әсел Дағжан
    Әсел Дағжан
    Бұрынғы қызметкер

    ШҚО-дағы полицейдің қазасы: жаңа мәліметтер пайда болды

    Полицей
    Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

    Шығыс Қазақстан облысында полицейдің оғаш өліміне қатысты тергеу жалғасуда. Бұған дейін оның өліміне әріптесі күдіктенгені хабарланған болатын, бірақ қазір бұл іс "Жол қозғалысы ережелерін бұзу" бабы бойынша қаралып жатқаны белгілі болды. Бұл туралы өңірдің ПД хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ YK-news.kz сайтына сілтеме жасап.

    Былтыр қазан айында полиция қызметкері оғаш жағдайда қайтыс болды. Оның денесі Шығыс Қазақстан облысындағы Өскемен — Алматы тас жолында қызметтік автокөлікте оғаш жағдайда болған.

    Ер адам есігі ашық көліктен жартылай құлап, басы қысылған күйде қалған. Салонда ол көлік жүргізіп келе жатқан серіктесімен бірге болған.

    Патрульдік полиция инспекторының өлім фактісі бойынша Қылмыстық Кодекстің 99-бабының 1-бөлігі ("Кісі өлтіру") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған еді. Марқұмның 36 жастағы серіктесі уақытша ұстау изоляторына қамалды.

    Енді ШҚО ПД бұл істің қайта сараланғанын хабарлады.

    "Инспектордың өлім фактісі Қылмыстық кодекстің 345-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану ережелерiн бұзуы) СДТБТ-да тіркелді", — деп түсіндірді ведомствода.

    ШҚО-дағы полицейдің қазасы: жаңа мәліметтер пайда болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.