jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Абай облысында шөп жинауға барған жасөспірім мерт болды

    Шөп жинау науқаны
    Шөп жинау науқаны. Көрнекі фото: pixabay.com

    Абай облысында шөп жинауға барған жасөспірім қайтыс болды, деп хабарлайды Telegram-дағы POLISIA.KZ арнасы.

    Полицияның мәліметінше, қайғылы оқиға 14 сәуірде болған.

    Яғни, сол күні Бесқарағай ауданындағы бос жердегі орман шаруашылықтарының бірінде жасөспірім өзінің танысымен бірге шөп жинай бастаған.

    Жұмыс барысында жасөспірім трактор мен білік жетегі арқылы тракторға тіркелген шөп орау прессінің арасында тұрған. Кенет ол секірмек болғанда, білікке киімі ілініп, қысылып қалған.

    Салдарынан 17 жастағы жасөспірім оқиға орнында дене жарақатынан көз жұмған.

    Полиция қазіргі таңда осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын атап өтті.

    Абай облысында шөп жинауға барған жасөспірім мерт болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.