jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Көкшетауда құрылыста 20 жастағы жұмысшыны тоқ соқты

    тоқ
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Ақмола облысында құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде 20 жастағы жұмысшыны тоқ соқты. Жас жігіт салдарынан оқиға орнында қайтыс болды. Аталған факті бойынша тергеу басталды, деп хабарлайды 716.kz.

    Басылымның өңірдегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауынша, оқиға 30 сәуір күні Көкшетауда болған.

    Ташенов пен Уәлиханов көшелерінің қиылысында құрылыс жұмыстары кезінде 20 жастағы жұмысшыны тоқ соққан. Ер адам оқиға орнында көз жұмды. Басылымның дерегінше, марқұм жергілікті кәсіпорындардың бірінде жұмыс істеген.

    Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 156-бабы 3-бөлігі бойынша (Еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу) сотқа дейінгі тергеу басталған.

    Полиция сот-медициналық сараптама тағайындап, оқиғаның мән-жайы анықталуда.

    Көкшетауда құрылыста 20 жастағы жұмысшыны тоқ соқты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.