jitsu gif
Оқыс оқиға

    Бурабайда әйел таудан құлап қайтыс болды

    Бөлектау тауы
    Бөлектау тауы: kokshetau.online

    Жас ана "Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағындағы Бөлектау тауынан құлап көз жұмды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

    Оқиға 11 маусым күні сағат 18:00-ден кейін Бурабай ауданы аумағында болған.

    "Алдын ала анықталғандай, марқұм күйеуі және балаларымен бірге Астанадан Бурабай ауданы аумағына 10 маусым күні келген. Бөлектау тауында орналасқан шолу алаңына көтерілу кезінде әйел суретке түскісі келген, бірақ ол 15 метр биіктіктен құлап, тасқа соғылды", - деді Ақмола облысының полиция департаментінен.

    Қазіргі таңда 28 жастағы әйелдің өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, оқиғаның мән-жайы анықталуда.

    Бурабай ауданы әкімдігінің хабарлауынша, оқиға орнына құтқарушылар, полицейлер мен жедел жәрдем жеткен. Дәрігерлер дер кезінде жеткенімен, астаналықты аман алып қала алмады. Марқұмның туыстарымен психологтар жұмыс істеп, көмек көрсетілуде.

    Kazakhstan.travel сайтының мәліметінше, Бөлектау тауы туристер жиі келетін Бурабай шипажайының табиғи шолу алаңы болып табылады. 147 метр биіктіктен Көгілдір шығанақ, Жұмбақтас пен Оқжетпес, Бурабай және Үлкен Шабақты көлдері сияқты өңірдің басты көрнекті орындарына көрініс ашылады.

    Бөлектауға апарар жолдың басында үш тілде ақпараттық тақта орнатылған. Тауға көтерілу шамамен 15 минутты алады, арнайы жабдықтар қажет емес. Ал көтерілуге қиын жерге ағаш баспалдақтар салынған.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.