jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Алакөлде демалып жатқан ер адам аяғынан айырылды

    Су мотоциклі
    Су мотоциклі. Көрнекі фото: pixabay.com

    Жетісу облысында Алакөлде демалып жатқан ер адам оқыс оқиға салдарынан бір аяғынан айырылды. Жағдайға қатысты облыстық полиция департаменті мен денсаулық сақтау басқармасы түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Әлеуметтік желіде: "Алакөлде су мотоциклі ер адамды қағып кетті, зардап шегушінің аяғы жұлынды", - деген хабарлама тарады.

    Жетісу облыстық полиция департаменті өкілдерінің берген түсіндірмесіне сай, бұл дерек бойынша Алакөл аудандық полициясы тексеру жүргізіп жатыр.

    "Сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қылмыстық кодекстің 344-бабы (Жол қозғалысы немесе темір жол, әуе, теңіз немесе өзен көлігін пайдалану қауіпсіздігі ережелерін бұзу) бойынша жүргізілуде. Қылмыстық іс аудандық полиция басқармасы басшылығының қатаң бақылауында", - деді ведомство өкілдері.

    Жетісу облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 30 шілде күні сағат 16:10-да Алакөл аудандық орталық ауруханасына 1984 жылы туған науқас түскен. Диагнозы: санның ампутациясы, сол жақ сан сүйегінің, тізе буынының ашық көпбөлікті сынуы, 3-4 дәрежелі травматикалық шок, ауыр геморрагиялық шок.

    Оның сол жақ аяғының төменгі бөлігі ампутацияланған. Науқастың жағдайы өте ауыр, жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.

    Алакөлде демалып жатқан ер адам аяғынан айырылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.