jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    Каспий теңізінде жоғалып кеткен балықшының денесі табылды

    Каспий теңізі
    Каспий теңізі. Көрнекі фото: pixabay.com

    Жоғалған 36 жастағы ер адам Каспий теңізінен табылды. Оның денесін балықшылар тауып алған. Ақпаратты Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментінде растады. Бұл туралы Lada.kz хабарлайды.

    Іздестіру шараларына аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің, аудан, ауыл әкімдігінің қызметкерлері және ерікті жастар, ауыл тұрғындары мен балықшылары және із-түзсіз жоғалған азаматтың туыстары жұмылдырылған.

    "30 шілдеден бері Каспий теңізінің жағалауындағы Құрық ауылынан жеті шақырым жерде ТЖД жедел-құтқару жасағының күштері балық аулау кезінде жоғалып кеткен 1987 жылғы азаматты іздестіруде. Ер адамның денесін 1 тамыз күні сағат 11:50 шамасында жергілікті балықшылар тапқан", - деп хабарланды Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментінде.

    Еске сала кетейік, бұған дейін Маңғыстау облысында құтқарушылар, шенеуніктер мен еріктілер 29 шілдеде Каспий теңізі маңында жоғалып кеткен ер адамды іздестіруде екенін жазған едік.

    Іздеу жұмыстарына тікұшақ, моторлы қайықтар және 20-ға жуық техника жұмылдырылған. Маңғыстаудың бес тұрғыны Қарақия ауданы, Құрық ауылына балық аулауға кеткен. Таңертең ер адамның бірі жоғалып кеткені белгілі болды. Бұл кезде 36 жастағы балықшының заттары жағалауда қалып қойған болатын.

    Каспий теңізінде жоғалып кеткен балықшының денесі табылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.