jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Қарағандыда ойын алаңындағы әткеншекке баланың басы кептеліп қала жаздады

    әткеншек
    Ойын алаңы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Қарағандыда ойын алаңында дұрыс орнатылмаған айналмалы әткеншекке бала басын тығып, кептеліп қала жаздады, деп хабарлайды eKaraganda басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ата-анасының тілшілерге айтуынша, оқиға "Мәңгілік алау" мемориалдық кешенінің жанындағы алаңға қарама-қарсы орналасқан ойын алаңында болған. Құрылымда ағаш тіректің бір бөлігі болмаған. Бала басын сол жерге тыққан.

    Қуанышқа орай, баланы ата-анасы құтқарушылардың көмегінсіз шығарып алған.

    Басылымға Қазыбек би аудандық әкімдігі пікір білдірген. Олар алдағы уақытта бұл учаскеде жөндеу жұмыстары жүргізілетінін хабарлады. Дегенмен қазірдің өзінде ақау қалпына келтірілген.

    Еске сала кетейік, сенбі күні Қарағандыда тағы бір оқыс оқиға болды - адамдар саябақта шолу дөңгелегінде тұрып қалды. Саябақ қызметкерлері оларды жерге түсіру үшін дөңгелекті қолмен айналдыруға мәжбүр болған.

    Бұған дейін Оралда екі жасар сәби кір жуғыш машинаға қыстырылып қалғанын хабарлаған едік. Құтқарушылар оны аман алып қалды.

    Қарағандыда ойын алаңындағы әткеншекке баланың басы кептеліп қала жаздады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.