jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айтолқын Кенесхан
    Айтолқын Кенесхан
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Астанада екі жұмысшы салынып жатқан үйдің 15-қабатынан құлап, мерт болды

    құрылыс алаңы
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Елордада тұрғын үй құрылысы алаңында 2 жұмысшы биіктен құлап қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл туралы басылымға қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткен.

    "2023 жылғы 10 тамызда "Алматы аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне "A-City" тұрғын үй кешенінің құрылыс объектісінде биіктен екі адамның құлағаны туралы хабарлама келіп түсті. А.Байтұрсынов көшесінде салынып жатқан 20 қабатты тұрғын үй кешені қасбеттік жұмыстарды жүргізу кезінде монтаждау кабелінің үзілуі салдарынан 15-ші қабат биіктіктен 2 жұмысшының құлағаны анықталды", - делінген хабарламада.

    Полиция департаментінің ақпаратынша, 20 және 27 жастағы жұмысшылар оқиға орнында қайтыс болған.

    "Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 277-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Барлық қажетті сараптама тағайындалды. ҚР Қылмыстық кодексінің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды", - дейді ведомстводан.

    Астанада екі жұмысшы салынып жатқан үйдің 15-қабатынан құлап, мерт болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.