jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    Павлодар облысында өзеннен көлікте болған екі бала мен әйелдің денесі табылды

    өзен
    Өзен. Көрнекі фото: pixabay.com

    Павлодар облысы Павлодарское ауылында Ертіс өзенінен 43 жастағы әйел мен екі баласының денесі шығарылды. Отбасы көліктің ішінде су астында қалып қойған, деп хабарлайды Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Құтқарушылардың айтуынша, 25 тамыз күні кешкі уақытта Ертістен 43 жастағы әйел мен екі баласының денесі табылып, судан шығарылды. Балалар 6 және 9 жаста болған. Оқыс оқиға орнына 5 адам, 2 бірлік арнайы техника жіберілді.

    "Құтқарушылар сағат 21:40 шамасында жеңіл көлікте келе жатып, өзенге ағып кетіп, шыға алмай қалған 1980 жылғы әйел мен екі баласының денесін алып шықты", - делінген Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.

    Құтқарушылар отбасы туралы мән-жайды нақтылаған жоқ.

    Еске сала кетсек, бұған дейін 21 тамыз күні Түркістан облысы Отырар ауданы, Көксарай елдімекенінен 3 шақырым жерде Сырдария өзенінде қайғылы жағдай болған еді.

    Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 11 адам суға түсуге арналмаған жерде суға түсіп, батып кеткен.

    ТЖД ақпаратынша, суға кеткендер өзен жағасына демалуға келген 20 адамнан құралған 4 отбасының мүшелері.

    Кейін Төтенше жағдайлар министрлігі Сырдария өзеніне батып кеткен 11 адамның жасы туралы мәлімет таратты.

    Павлодар облысында өзеннен көлікте болған екі бала мен әйелдің денесі табылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.