jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Лифттегі оқыс жағдайдан кейін Астана тұрғыны ауруханаға түсті

    Лифт
    Ғимарат ішіндегі лифт. Көрнекі фото: pixabay.com

    Астанадағы тұрғын үй кешендерінің біріндегі лифтте қыздың басына темір конструция құлап түскен. Бұл жайтқа қатысты полиция тергеуді бастады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ елордалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

    Оқиға туралы Instagram-дағы vse_novosti_kz парақшасында хабарланды.

    Жазбада бұл жайттың 18 қарашада Байтұрсынов көшесіндегі көпқабатты үйде болғаны айтылып, құлаған темірдің фотосы жарияланған.

    "Лифтте қызға темір конструкция құлады. Куәгерлер қыздың басына құлаған затта қан іздері барын көрсетті", - деп жазылған сипаттамада.

    Астана полиция департаменті NUR.KZ тілшісіне бұл ақпаратты растады.

    Құқық қорғау органдары зардап шеккен адамның ауруханаға жеткізілгенін айтты.

    "Елордалық полицейлер сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында астаналықтың басына лифтті жарықтандыруға арналған темір конструкция құлап кетуіне қатысты барлық қажетті шараны қабылдауда.

    Алматы аудандық полиция басқармасында Қылмыстық кодекстің 306-бабы 1-бөлігі "Қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп хабарлады ведомстводан.

    Бұған қатысты пікір алу үшін Астана қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына да хабарластық.

    Лифттегі оқыс жағдайдан кейін Астана тұрғыны ауруханаға түсті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.