jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    Қызылордада кәріз құдығынан 8 жасар баланың денесі табылды

    құдық
    Құдық. Көрнекі фото: facebook.com/zhyloisu

    Кеше күндіз Қызылордада 8 жасар баланың кәріз құдығына құлап кеткені туралы хабарланды. Бірнеше сағаттан соң құтқарушылар оның денесін тапты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қызылорда облысының төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

    Ведомствоның ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, 25 қарашада сағат 18:00-де  құтқарушылардың күшімен 2015 жылы туған баланың мәйіті кәріз құдығынан табылып, сыртқа шығарылды. ​

    Оқиға орнына Қызылорда облысы ТЖД (18 қызметкер, 5 бірлік техника), Апаттар медицинасы орталығының филиалы (3 қызметкер, 1 бірлік техника), полиция департаменті (8 қызметкер, 3 бірілік техника), жедел жәрдем бригадасы (3 адам, 1 бірлік техника), "Қызылорда су жүйесі" (5 адам 2 бірлік техника), жергілікті атқарушы орган (10 адам, 2 бірлік техника) жұмылдырылды.

    Қызылордада кәріз құдығынан 8 жасар баланың денесі табылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.