jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    СҚО-да газ баллоны жарылып, салдарынан жасөспірім көз жұмды

    Оқиға орны
    Оқиға орны. Фото: facebook.com/gaueznurmukhambetov

    СҚО-дағы Смирново ауылылында екі қабатты үйдегі пәтерлердің бірінде газ баллоны жарылып, жасөспірім көз жұмды. Тағы бір адам зардап шекті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық ТЖД-ның Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап.

    Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, төтенше жағдай 8 желтоқсанда сағат 14:50-де болған.

    "Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Смирново аудандық өрт сөндіру бөлімінің байланыс пунктіне 2 қабатты тұрғын үйдің 3 кіреберістегі 2-ші қабатындағы пәтерде газ-ауа қоспасының жарылғаны туралы ақпарат келіп түсті. Титова көшесі, 11 мекенжайындағы ғимараттың 60 шаршы метр алаңы жанып, терезелер сынып, ғимарат зақымданды.

    Оқиға салдарынан 2011 жылы туған қыз қаза тапты және 2001 жылы туған жігіт зардап шекті. Ол орталық аудандық ауруханаға жатқызылды", - делінген хабарламада.

    ТЖД мәліметінше, үйден 9 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Өрт сағат 17:03-те ғана сөндірілді.

    Оқиға орнына облыс әкімі мен мемлекеттік мекеме өкілдері дереу аттанды.

    Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамедов Facebook-тегі парақшасында зардап шеккен үй тұрғыны аудандық ауруханаға, кейін қалалық көпсалалы ауруханаға жеткізілгені мәлімдеді.

    "Өкінішке қарай, өрт бір адамның өмірін қиды. Отбасы мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтамын. Зардап шеккен отбасыға барлық қажетті көмек көрсетіледі", - деп жазды әкім парақшасында.

    СҚО-да газ баллоны жарылып, салдарынан жасөспірім көз жұмды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.