jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Аида Тақабаева
    Бұрынғы қызметкер

    Алматы облысындағы колонияда ток соққан ер адам қаза тапты

    Түрме
    Түрме. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Алматы облысындағы колонияда жөндеу жұмыстары кезінде штаттағы электршіні ток соғып, мерт болды. Бұл туралы Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, 21 ақпанда №57 мекемеде жөндеу жұмыстары кезінде штаттағы электршіні ток соққан.

    "Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері дереу алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақырды, сәлден кейін азаматтың қайтыс болғаны расталды. Бұған қоса штаттағы электрші бұл мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталушы емес екенін хабарлаймыз", - деп атап өтті Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің өкілдері.

    Бұл факт Қонаев полиция басқармасының Ақпараттық есепке алу және Сотқа дейінгі тергеп-текерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді.

    Сондай-ақ мекеме Алматы облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасына комиссиялық тексеруге материалдар жіберген.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram