jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Абай облысында жекеменшік үйден өрт шығып, бір адам қаза тапты

    Өртсөндірушілер
    Өртсөндірушілер. Фото: instagram.com/abaioblysytjd

    Абай облысында жекеменшік үйден өрт шығып, бір адамның денесі табылды. Бұл туралы өңірлік ТЖД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Ағымдағы жылдың 26 ақпанында таңғы сағат 8-де Бородулиха ауданы Шелехово ауылында жеке тұрғын үйде өрт шықты.

    Өрт сөндіру бөлімшелері дереу шақыру орнына жіберілді.

    Оқиға орнына келіп жеткен өрт сөндірушілер тұрғын үйдің шатырының, қабырғаларының, терезе мен есіктердің ағаш құрылымдары жанып жатқанын және от жалыны қосалқы ғимараттарға таралғаны анықталды.

    Өрт 10 сағат 56 минутта оқшауланды. 12:02-де минутта өрт толығымен сөндірілді. Сөндіру кезінде шатыр құлаған.

    Өрт шарпыған аудан алдын-ала есептеу бойынша 100 шаршы метр болған. Тілсіз жаудың себебі анықталып жатыр. 10 сағат 54 минутта өрт шыққан орында жансыз дене табылды.

    Өрт орнында Абай облысы ТЖД-дан жеке құрамның 9 адамы және 2 техникасы жұмылдырылған.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.