jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Ақтаудағы сауда орталықтарының бірінде 7 жасар қыз саусағының бір бөлігінен айырылды

    Эскалатор.
    Эскалатор. Көрнекі фото: pexels.com

    1 наурызда Ақтаудағы сауда ойын-сауық орталықтарының бірінде оқыс жағдай болды. Жеті жасар қыз эскалатордан жарақат алған, деп хабарлайды Lada.kz .

    Басылымның мәліметінше, бала қазір Маңғыстау облыстық көпсалалы балалар ауруханасында ем алып жатыр.

    Бұл жайтқа қатысты облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі түсінік берді.

    "Маңғыстау көпсалалы балалар ауруханасына жарақатпен жеті жасар қыз түсті. Бала саусағының бір бөлігінен айрылды, дәрігерлер оны аман алып қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасады.

    Қызға қажетті медициналық көмек көрсетілді. Науқас оңалту емінен өтеді. Болжам жасауға әлі ерте", - деп хабарлады ведомстводағылар.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.