jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Ақмола облысында полицей мен оның досы көлік ішінен өлі табылды

    Тізгіні оң жақта орналасқан көлік. Көрнекі сурет
    Тізгіні оң жақта орналасқан көлік. Көрнекі сурет. Фото: pixabay.com

    5 наурызда Ақмола облысының Есіл қаласында қайғылы оқиға болды – көлік ішінен полицей мен оның досы өлі күйде табылды. Ақпаратты Есіл ауданының әкімдігі растады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Ведомствоның хабарына қарағанда, 5 наурызда таңғы сағат 07.45-те Есіл аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне қала тұрғынынан көлік жуу орнында бір көлік тұрғаны, оның ішінде екі өлген адам жатқаны туралы хабарлама түскен.

    Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары шын мәнінде Audi A6 көлігінен қайтыс болған екі ер адамды тапты. Марқұмдардың бірі 27 жастағы ер адам полицияда жұмыс істегені мәлім болды. Екіншісі 28 жастағы жергілікті тұрғын, полицейдің досы болып шықты.

    Зорлық-зомбылық белгілері табылмады. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталуда.

    Айта кетейік, өткен жылдың күзінде Астанадағы көлік тұрағынан 49 жастағы ер адамның да денесі көліктен табылған еді. Полицейлер бұл фактіні сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеп, қажетті сараптамалар тағайындады.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.