Ақтөбе облысында 10 жастағы бала суға батып кетті
Опубликовано:

Ақтөбе облысында 4 сынып оқушысы суға батып кетті. Ол ауылдан 100 метр жердегі еріген қар суы жиналған жерде ойнап жүрген. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Қайғылы оқиға бүгін Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Белқопа ауылында болды. Аудан әкімдігінің мәліметінше, ауылдан 100 метр жердегі еріген қар суы жиналған орында 3-4 бала ойнап жүрген.
"2014 жылы дүниеге келген бала. Белқопа ауылының жанынан ағып жатқан еріген қар суына түсіп қайтыс болды. Қазіргі уақытта денесі судан шығарылды. Полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр", – деді Әйтеке би ауданының әкімі Дәулетияр Тоғызбаев.
Облыстық ТЖД-нің мәліметінше, баланың денесі куәгерлердің күшімен шығарылған.
Аудан әкімдігі көктемгі су тасқыны кезінде балаларға абай болу керегін ескертеді. Өзен-көл жағаларына жақын орналасқан елдімекендерде ата-аналардан балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді сұрайды.
- Елдегі су тасқыны: ТЖМ қазіргі ахуал қандай екенін хабарлады
- Қазақстандағы су тасқыны: Ауыл шаруашылығы министрлігі мәлімдеме жасады
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/accident/2077778-aqtobe-oblysynda-10-zastagy-bala-suga-batyp-ketti/