jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Аида Тақабаева
    Аида Тақабаева
    Бұрынғы қызметкер

    Орал қаласының орталығында ер адамның денесі табылды

    Қызмет барысындағы полиция көлігі
    Полиция көлігі. Көрнекі фото: ҚР ІІМ баспасөз қызметі

    Бүгін Орал қаласының орталығында ер адамның көзге көрінетін жарақаттары бар денесі табылды. Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп жазады "Мой город" порталы.

    Басылымның полиция деректеріне сілтеме жасап жазуынша, 10 сәуірде полицияға Оралдағы зауыт аумағында бір адам жатқаны туралы қоңырау түскен. Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары еуропалық келбеттегі ер адамның денесін тапқан.

    Тәртіп сақшыларының айтуынша, марқұмның жасы қырықтар шамасында.

    "Денеде көзге көрінетін жарақаттар бар", - деді Абай полиция бөлімінің бастығы Аслан Айтмұханов.

    Бұл факт бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Полиция басқа да мән-жайларды анықтап жатыр.

    Еске салайық, осыдан бірнеше күн бұрын Алматыда балалар алаңында ер адамның денесі табылған болатын.

    Орал қаласының орталығында ер адамның денесі табылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.