jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    СҚО-да полиция подполковнигі көз жұмды

    Полиция қызметкері
    Полиция қызметкері. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Желіде Солтүстік Қазақстан облысы ПД криминалдық полиция басқармасының жедел уәкілі, полиция подполковнигі Иван Гугняктың көз жұмғаны жайлы ақпарат пайда болды. Бұған қатысты СҚО полиция департаменті пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Желіде тараған ақпаратқа сүйенсек, полицей аттестация тапсыруға дайындық бойынша жүгіру кезінде қайтыс болған.

    Бұл ақпаратқа қатысты Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің өкілі пікір білдірді.

    "Солтүстік Қазақстан облысы ПД басшылығы, жеке құрамы және ардагерлер кеңесі полиция подполковнигі И.Н. Гугняктың көз жұмуына байланысты отбасы мен туған-туыстарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады.

    Қызметкердің кезектен тыс аттестациялаудан өту кезінде қайтыс болғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды, себебі оның қызметі аттестациялаудан өтетіндер тізімінде жоқ", - деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметінен.

    СҚО-да полиция подполковнигі көз жұмды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.